Күн салқындап, жаңбыр жауады: Елімізде қыркүйек айының басында ауа райы қандай болады
Қазақстанда жаз мезгілінің соңы мен күздің басында күн салқындап, жаңбыр жауады. 29 тамыз-2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, Оралда орналасқан циклон Батыс Сібір арқылы, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжыйтын болады. Соның әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады.
Ал шығыс және оңтүстік-шығысқа суық және дымқыл ауа массаларының таралып, салдарынан Қазақстанның қалған аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, күшті ұйтқымалы жел соғады. Сонымен қатар температураның орташа көпжылдық мәннен 2-4°С-қа төмендеуі күтіледі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн