Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн күркіреп, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Қазақстан бойынша 4-6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. “Қазгидромет” хабарламасына сәйкес, елдің оңтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Солтүстік антициклонның жотасы республиканың солтүстік жартысында үстемдік етеді. Сондықтан алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік аймақтарында құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі, ал түнде өте салқын болады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер біртіндеп оңтүстікке қарай жылжып, орталықта, шығыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді. Фронттар таулы аймақтарға жақындаған сайын одан да күшейіп, осы аудандарда қатты жаңбырдың жауына әкеледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болжанады. 

Ауа температурасы күндіз батыста +28 +34°С, оңтүстік-батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +25 +33°С, солтүстікте және шығыста +22 +28°С, орталықта +20 +25°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +28 +35°С шегінде, тауларға жақын аймақтарда +22°С градус шамасында сақталады. 

Талқылау