Күн күркіреп, бұршақ жауады: Демалыс күндері ауа райы суық болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің хабарлауынша демалыс күндері ауа температурасы төмен болады. 26-28 маусымда Қазақстанның жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды. Тек Қазақстанның батыс бөлігінде жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Барлық дерлік облыстарда солтүстікте, шығыста және батыста кей жерлерде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында – дауыл, күндіз Маңғыстау облысында желдің шаңды дауылмен күшеюі, Қызылорда облысында желдің түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Барлық дерлік облыстарда төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, 27-28 маусымда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 27 маусымда күндіз бұршақ жаууы мүмкін, күндіз температураны 10-12 градусқа дейін төмендетеді.
27 маусымда Қостанай облысында жаңбыр жауады.Найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. 26-27 маусымда ауа температурасы түнде 3-11, күндіз 13-18 ыстыққа дейін төмендейді.
27-28 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 27-28 маусымда температура түнде 2-10 дейін, күндіз 10-18 ыстыққа дейін төмендейді.
27-28 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. 27 маусымда түнде кей жерлерде 15-20, күндіз кей жерлерде секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады. 28 маусымда температура түнде 5-10 дейін, күндіз 10-18 ыстыққа дейін төмендейді.
27-28 маусымда Қарағанды облысында оңтүстік-батысқа ауысатын солтүстік-батыс жел, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. 27-28 маусымда облыстың солтүстік бөлігінде температура күндіз 13-18 ыстыққа дейін төмендейді.
28 маусымда түстен кейін Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 28 маусымда күндіз температура 15-23 ыстыққа дейін төмендейді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
