Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн ыстықта балмұздақ жеудің зияны туралы дәрігер айтты

Оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев аптап ыстықта балмұздақ жеудің зияны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балмұздақты көп жеу фарингитке немесе жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінің қабынуына әкелуі мүмкін.

Маман сондай-ақ балмұздақты тамақ ауруына ем ретінде қолдануға қатысты пікір білдірді.

Дәрігер балмұздақ тамақ емдеудің балама нұсқасы бола алмайтынын айтады.

“Қатты ыстық кезде, шырышты қабық қызып тұрған кезде, адам балмұздақ жейді, тіпті мөлшерден көбірек жеуге тырысады, бұл тиісінше қабынуды тудырады, өйткені шырышты қабық мұндай қарама-қайшылыққа шыдамайды”, – дейді оториноларинголог Владимир Зайцев.

Дәрігер бір уақытта бір порциядан артық жемеуге кеңес берді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Маусым, 2022 08:06
Талқылау