Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн 45 градусқа дейін ысып, бұршақ жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай, дауыл, желдің күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

23-24 маусым аралығында оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, ал 25 маусымда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында да жаңбыр жауады.

23 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде және 23-25 маусым күні Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Сондай-ақ, 24-25 маусым аралығында Қызылорда облысының оңтүстігінде және 25 маусымда Түркістан облысының шөлді аудандарында ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі. Ал 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде плюс 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 12:22
Талқылау