Құқы жоқ: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Тұрым Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етті
Нағима Есентаева белгілі музыкант Тұрым Алагөзовтің ағасы Бақытбек Есентаевқа қатысты айтқан пікірін жоққа шығарды. Айтуынша, Бақытбектің әрекетіне баға беретіндей Тұрым Алагөзов сот залында болмаған. Сондықтан Алагөзов ойланбай айтқан сөзі үшін кешірім сұрайды деп үміттенемін, деді ол.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Өмірлік тәжірибесі бар ақсақалдың ойланбай айтқан сөзі ағамның ғана емес, барша туыстарымыздың намысына тиді. Сондықтан да үлкен Алагөзовтің айтқанына жауап беруім керек деп шештім”, – деп бастады сөзін Нағима Есентаева.
Қарындасы Бақытбек Есентаевтың жәбірленуші (Баян Мақсатқызы) алдындағы кінәсін өтеп және қоғам алдында түзу жолға түскенін дәлелдеуге тырысып жатқанын атап өтті.
“Бұл кісі жөнсіз айтылған сөзі арқылы ағамның жүрегіне жара салдым деп ойламай ма екен? Ақ шашты ақсақал Тұрым Алагөзов ұлының Есентаевтар отбасына қайғы алып келгенін түсінбей ме екен? Әйелі опасыздық жасағандықтан және ол өзін-өзі ұстай алмағандықтан басымызға бұлт үйірілді. Бір сәтте отбасы ойран болды, екі қыз әке қамқорлығынан айырылды, ал Бақытбектің өзі ұзақ жылдарға қамалды.
Ендігі сұрақ: үлкен Алагөзовтің адамға деген мейірбандығы, түсіністігі қайда қалды? Жылы пәтерде, ештеңе ойламай отырған Тұрым Алагөзовке ақ-қараны ажырату оңай секілді. Әлде: “Жеңімпаздарды айыптамайды?” деген ұстанымда өмір сүре ме? Егер Баян сұлуға қолы жеткен Тұрсынғалиді жеңімпаз деп есептесе, өзі білсін.
Уақыт – бәріне төреші. Бізге тек күту қалды. Өмірдің бұл сынағын артта қалдырып, ағам жеңімпаз болмаса да, жеңіліс таппайды деп сенемін”, – деп жалғады сөзін ол.
Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек Есентаевтың әрекетіне баға беретіндей Тұрым Алагөзов сот залында болмаған. Сондықтан да оның: “Бақытбек Баянның мейірімділігін түсініп, сот залында жылады” дегені негізсіз, дейді қарындасы.
“Оның бұлай деуге тек моралдық емес, заңдық тұрғыдан да құқығы жоқ еді. Себебі сот процессі жабық режімде өтті (менің ағам өз әйелін зорлады және зорлық әрекеттерін қолданды деп күдікке ілінген еді, бірақ сот залында ақталды). Сондай-ақ, Тұрым Алагөзов сотқа қатысқан жоқ, сондықтан да ол бұл фактілерден хабарсыз.
Жабық режімде өткендіктен, екі тарапқа белгілі болған жағдайлар еш жерде талқыланбауы тиіс еді, оның ішінде Алагөзов Тұрыммен де. Ақсақал мұны әдейілеп істемеді және кеш те болса кешірім сұрайды деп үміттенемін”, – деп түйіндеді сөзін ол.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді
Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)
Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)