Қуыршақ Кенді сомдаған Төреғали Төреәлінің күйеу баласы жұртты күлкіге қарқ қылды
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі мен күйеу баласы Дархан Нортаев Барби трендін түсіріп, көпшіліктің көңілін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
“Біздің Барбиді қабыл алыңыздар. Бұндай форматтағы контентті алғаш рет жасдық, қызық болды. Қалай шығыпты”, – деп Фариза Төреәлі оқырманан баға беруін сұрады.
Бәрінен де бейнежазбадағы сары түсті парик киіп алған Дарханның образы жел қолданушыларының назарын аудартты. Дархан қуыршақ Кеннің рөлінде болды. Ақ, қызғылт жолақты киімдегі Дархан Кеннің образын ашу үшін сары түсті парик киіп алған. Фариза да басқалардан ерекшеленіп, орамал таққан Барбидің рөлін сомдады.
“Трендті жабыңдар, керемет шыққан”, “Шашты өлтіріпсіз”, “Барбиді қайдам, Кен аумай қалыпты”, “Дархан комедиялық актер сияқты”, “Кеннің шашын сарғайтқаныңыз қиын болыпты”, “Түркиядан келген Кен”, “Халал Барби мен халал Кен”, “Барбиді мұсылман қылып жібердіңдер ғой”, – деп жазды желідегілер.