"Күдік расталмады": Қазақстанда ЛГБТ насихаты үшін ешкім жазаланбаған

Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін “Масс-медиа туралы” заң қабылданғаннан бері ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Ақпаратты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кочетовтың айтуынша, министрлік құқықтық мониторинг жүргізіп отыр, алайда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.
“Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Бұл жерде Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізетін құқықтық мониторинг туралы айтып отырмыз. Ештеңе болған жоқ, сондықтан үкіметтік емес сектордың кейбір өкілдерінде болған алаңдаушылықтар толықтай расталмады”, – деді Кочетов Мәжіліс кулуарында.
Шенеунік жаңа норма қабылданғаннан кейін ақпараттық кеңістікте айтарлықтай өзгеріс болмағанын атап өтті.
“Егер ақпараттық кеңістікке қарасақ, негізі ештеңе өзгерген жоқ. Бұл норма, мүмкін, профилактикалық сипатқа ие шығар. Адамдар қандай да бір контентті жариялар алдында ойланып алуы үшін”, – деп қосты вице-министр.
Сонымен қатар Кочетов желідегі мұндай материалдар заң қабылданғанға дейін де бұғатталғанын нақтылады.
“Олар бұған дейін де бұғатталып келген. Мұндай материалдарды жариялаған бірқатар сайт болды. Бірақ дәл осы заң аясында айтсақ, ондай жағдайлар болған жоқ”, – деді ол.
"Адамзаттың масқарасы": Депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ туралы даулы мәлімдемелері үшін жазаланбайтын болды
ОқыңызЕске салайық, қазақстандықтарды ЛГБТ насихаты үшін заң бойынша жазалау жақында ғана басталды. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл балаларды қорғау мақсатында енгізілген: заң дәстүрлі емес қарым-қатынастарды насихаттайтын материалдарды БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге де онлайн платформаларда жариялауға тыйым салады.
Заңға Президент 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды.
Жаза көпшілік алдында ЛГБТ-ға қосылуға шақырған жағдайда ғана қарастырылған.
“ЛГБТ-ны насихаттау” және педофилия үшін жауапкершілік көзделген: алғашқы құқықбұзушылық үшін – 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл, қайталап жасалған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр