Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күдебаевтың елден қашуы: Іс Талдықорғанда қаралмайтын болды

Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз өткеніне байланысты халықаралық іздеуді, Талдықорған қалалық соты жариялағанымен, іс басқа облыста қаралмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

күдебаев

Бұл жөнінде Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев мәлімдеді.

"Бұл оқиға Жетісу облысында емес, басқа өңірде болды. Сондықтан іс сол жақта қаралып жатыр. Толыққанды ақпарат алу үшін сол облыстың прокуратурасына хабарласыңыздар", – деді Мадияр Басшыбаев.

Бірақ прокурор Серік Күдебаев ісіне қатысты сот отырысы қай облыста өтетінін айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.

Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Айта кетейік, ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.

Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялады.

27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Талқылау