Құдалардың қулығы: Храпунов пен Әблязовтың Қазақстаннан жымқырған миллиондары табылды
Виктор Храпуновтың отбасы Қазақстаннан жымқырған 120 миллион долларын Кипрдегі Танзания банкінің бөлімшесінде сақтағаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
АҚШ –тың құзырлы органдары Храпунов БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірігіп мемлекеттен жымқырған миллиондаған долларды осы күдікті қаржы ұйымы арқылы заңдастырғанын растайтын құжаттарды тапқан.
Нақтырақ айтсақ Храпунов жымқырған ақшасының қомақты бөлігін осы Шығыс Африкадағы мемлекет банкінің Кипрдегі бөліншеснде сақтапты. Танзаниялық FBME банкін 120 миллион долларды заңдастыруға көмектесіпті. Бұл былықтар АҚШ-тағы сот материалдарынан белгілі болды.
Швецарияда шалқып өмір сүріп жатқан Храпунов пен Бта Банктің бұрыңғы басшысы Әблязовтың миллиардары алдымен оффшорға түсіп, кейін FBME деп аталатын атышулы танзаниялық банк арқылы мұхит асқан. Қос құданың құйтырқы жоспарын жүзеге асыруға жөні түзу банктер келіспеген сыңайлы. Ал, былтыр жұмысын тоқтатқан танзаниялық банктің клиенттерінің көбі – қылмыстық топтар мен жемқор саясаткерлер екен.
«Заңды жұмыс істейтін банктер Храпунов-Әбләзовке ақшасын сақтауға түбегейлі бас тартты. Сол себепті, олар заңсыз жолмен талай әшкере болған FBME банкіне жүгінеді. Тіпті, банк оларға қолды еткен ақшаларын АҚШ-қа аударуға көмектесті. Енді бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі»
Америкалық басылымдар, бүгінде Храпуновтың заңсыз ақшасын игеруге Дональд Трамптың бизнес серіктесі Феликс Сатер қол ұшын созғанын жарыса жазып жатыр. Ол құлқыны кең Храпуновқа Нью-Йорктегі Trump Soho ғимаратында жалпы құны 40 миллион доллар тұратын үш пәтерді сатып алуға көмектесіпті. АҚШ-тың құзырлы органдары ым-жымы бір кәсіпкерлер мен қаржы ұйымы арасындағы электронды жазбаларды айғақ ретінде келтіріпті.
«Храпунов пен Әблязов қаражаттарын Нью-Йорктағы жылжымайтын мүліктерге инвестициялаған. Оларға америкалық кәсіпкер Феликс Сатер көмектесті. Тергеу барысында Феликстің танзаниялық банктен жеке тұлғалар мен америкалық компанияларға ақша аударған құжаттары мен коды табылды»
АҚШ –тың ақпарат құралдарына сенсек, ерлі-зайыпты Храпуновтар Қазақстаннан қашқанда, ресейлік чартерлік ұшаққа қымбат картиналар, зергерлік бұйымдар мен құнды заттарын толтырып әкетіпті. Жалпы, бұл отбасы 2003 пен 2007 жыл аралығында Швейцария мен оффшорлық банктерге 48 млн. доллар мен 8 млн. еуроға жуық қаражат аударған екен. Соған қармастан, Виктор Храпунов отбасымен бірге шетелде кәсібін дөңгелетіп, Швейцарияда тұрып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда көңілдесінің пәтерін сатып, ұлын өлтірмек болған Өзбекстан азаматы сотталды
Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды
Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған екі қыз өзін видеоға түсірген азаматты сотқа берді