Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куба ел аумағында Украинадағы соғысқа қатысу үшін үгіт-насихат жүргізетін ресейлік пункттің анықталғанын мәлімдеді

Кубаның сыртқы істер министрлігі Украинаға қарсы соғыста Ресей жағында соғысу үшін үгіт-насихат жүргізетін адам саудасына арналған желінің анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

соғыс

Соғысқа Ресейде тұратын кубалықтар мен өзге де азаматтар тартылған. Қазір билік желіні жою мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр екен. 

"Куба адамдарды жалдауға қатысты нақты әрі тарихи позицияны ұстанады. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымында жоғарыда аталған практикадан бас тарт уүшін белсенді рөл атқарып, форумда мақұлданған бірнеше бастаманың авторы атанып отыр", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Сонымен қатар ведомство өкілдері Кубаның соғысқа қатыспайтынын және үгіт-насихат жүргізушілерге қарсы нақты шешімдер қабылдайтынын айтты, 

Ал Ресей Федерациясының қорғаныс және сыртқы істер министрліктері бұл мәлімдемеге қатысты жауап бермеді. 

Бұған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Ресей билігінің көрші елдер азаматтарын да мобилизацияға шақыру үшін әрекет етіп жатқанын хабарлаған.  

Талқылау