Куба боксшылары Ливерпульдегі әлем чемпионатына жұлдызды құраммен келеді
Фото: Getty Images Sport
Куба құрамасы Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
4 қыркүйекте Ливерпуль қаласында алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өтетін тарихи әлем чемпионаты басталады. Әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналатын Куба құрамасы жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін ұсынды.
– 50 келіге дейін – Алехандро Кларо;
– 55 келіге дейін – Роландо Мартинес;
– 60 келіге дейін – Луис Винент;
– 65 келіге дейін – Эрисланди Альварес;
– 70 келіге дейін – Хорхе Куэльяр;
– 80 келіге дейін – Хорхе Сото;
– 90 келіге дейін – Нельсон Уильямс;
– 90 келіден жоғары – Хулио Сезар Ла Крус.
Айта кетерлігі, Хулио Сезар Ла Крус Ливерпульде алғаш рет аса ауыр салмақта бақ сынайды. Ол бұған дейін 2016 және 2021 жылдары Олимпиада чемпионы атанып, 81 келі және 91 келі салмақ дәрежелерінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, құрамда Париж Олимпиадасының чемпионы Эрисланди Альварес те бар.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатына баратын өз құрамын жариялаған еді.

"Қызылшаға қарсы екпе құтқарар ма еді": Қазақстандық ана қызының екпе салдырып үлгермегендіктен комаға түскенін айтты
