"Қызылшаға қарсы екпе құтқарар ма еді": Қазақстандық ана қызының екпе салдырып үлгермегендіктен комаға түскенін айтты
Қазақстандық Аққу Табынова әлеуметтік желіде қызы үшін дұға етуді сұрап, жазба жариялап жүр. Оның 6 жасар қызы Айя Сафия 1 шілдеден бастап комада жатыр. Анасының сөзінше, балақай 9 айында қызылшамен ауырған, оған қарсы екпені алып үлгермеген. Бәрі сонымен бітті-ау деп жүргенде 6 жасында жедел беріштенуші панэнцефалит ауруымен ауыра бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір ана екпе алсақ бұлай болмас па еді деп алаңдап, қызы үшін тақымын қысып отыр.
"Айя Сафия, тоғызыншы айында қызылша ауруымен ауырды. Біз сол кезде аурудың беті қайтты деп ойладық. Бірақ ауру кетпепті. Айя 6 жасында ПСПЭ (жедел беріштенуші панэнцефалит) ауруымен ауыра бастады. Бұл – қызылшаның асқынған түрі, сирек кездеседі, бірақ өте қатерлі. Қызым өзі жап-жарық адам. Қазір ол реанимацияда, жасанды желдету аппаратымен тыныс алып жатыр. Қызылшаға қарсы екпе егу шартты демеймін. Тек екпе менің қызымды құтқара алар еді, тағы біреуді аман алып қалар еді", – дейді Аққу Табынова.
Анасының сөзінше, аурудан қыздың беті бері қарай бастаған, бірақ содан бері ол жан сақтау бөлімінде жатыр.
"Біз дәрігер іздеп жүргенде ауру уақыттан да жылдам жүрді. Түркияға ем алуға бардық, бірақ олар ауруды іздеген жоқ, ақша іздеді. Ал қызымның өмірі үшін әр сағат маңызды еді. Тездету үшін біз ұшып жеттік. Аллергия қымбат уақытымызды ұрлады. Қызым бір өлімнен аман қалған еді. Содан бір адам бізді естіді, мүмкіндіктен мүкіндікке қарай, тапшыдан тамшыға қарай үміттене бердік. Айям шаршады, қорқып қалды. Сол күннен бастап аздап ұйықтап алайын деді... Қызым 1 шілдеден бастап ұйықтап жатыр. Егер сіз ғажайыпқа сенсеңіз, менің Айям үшін дұға жасаңызшы", – деп жазды Аққу Табынова.
Желі қолданушылар "Бұл жерде екпенің жарнамасы жасалып тұрған сияқты" десті. Кейбірі өз оқиғасын бөлісіп, кеңес сұрап жатыр:
"Ағам балаларымен АҚШ-қа көшіп кетті. Балалары бүкіл екпені алмаса, мектеп пен балабақшаға кіре алмайды, тіпті елден кетеді екен", "Балам бір жасқа дейін қызылшамен ауырды, енді мен қамдануым керек пе?", "Баламның екпеге қарсы анықтамасы болды, екпе алмадық. Кейін қызылшамен ауырды, өте жаман ауру екен. Екпеге қарсы көрсетілім болмағанда салдыратын едім, енді салдары қорқынышты болып тұр", – деп жазды желі қолданушылар.
"Қызылшаға қарсы екпе біреудің өмірін құтқара алады"
Дегенмен Айяның анасы постты қандай мақсатта жазғанын түсіндіріп берді.
"Бұл жарнама емес, бұл – біздің шынайы оқиғамыз. Айя София қызылшаға қарсы екпе алмады, біз үлгермей қалдық. Ол 9 айында ауырды, ал екпені бір жаста салады. Одан соң тағы ауырдық, асқынып кетті, ПСПЭ диагнозы қойылды. Екпе қызымды аурудан құтқарар ма еді, нақтысын білмейміз. Тек бір білеріміз: егер уақытты қайтара алсақ, біз екпені ертерек алар едік. Бұл видео агитация емес, бұл – жан айқайы. Бұл үніміз ең болмағанда бір адамды аман алып қалсын.
Біз екпені жарнамалап жатқан жоқпыз, біз қызымыздың денсаулығынан айырылдық. Біз мұны қарсыласу үшін айтып жүрген жоқпыз, мұны айтып тұрған себебіміз – тағы бір ата-ана біздің басымыздан өтіп жатқан жағдайға ұшырамаса екен дейміз. Қызылшаға қарсы екпе дегеніміз – мүмкіндік. Ал оны елемей қою үлкен тәуекел. Таңдауды әркім өзі жасайды", – дейді ана.
Сонымен қатар Аққу Табынова қызының фотоларының астына жағымсыз пікір жазбауды сұрады.
"Менің жарқын қызым қазір өмір үшін күресіп жатыр, ол мұндай жағымсыз сөздерге лайық емес. Жағымды сөз жаза алмасаңыз, тыныш қана өтіп кетіңіз. Қызым көп күлетін, көп қозғалатын, көзі жанып тұратын. Менің Айям ән сияқты. Ол әдемілікті жүрегімен сезеді, эстетика оның тілі. Мықты, талпынысы жоғары, кішкентай чемпион. Жаңа белестерге дайындалып жүрген. Қазір басында ақ бантиктің орнына сымдар оратылып жатыр", – деді анасы.
Бүгінде әйел ешқандай да қаржы жинап жатпағанын айтты. Дегенмен ол білікті невропатолог дәрігердің көмегі қажет деп отыр.

Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін алу үшін бөлінген 22 млрд теңге діттеген мақсатқа жетпеген
