Қуаттағышты қосып кеткен: Түркиядағы қонақ үйде өрт болды
Антальяда бес жұлдызды қонақ үйдің төбесінде өрт шықты. Төтенше жағдайға телефонның қуаттағышы себеп болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Beyaz Gundem сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт Гундогду ауданындағы бес жұлдызды қонақ үйдің кіреберісі орналасқан ғимараттың төбесінде сағат 10:15 шамасында болған.
Өрттің себебі – қырғызстандық туристің қуаттағышты тоққа қосып қалдырып кетуі.
Өрт сөндіру кезінде қонақтар қонақ үйден чемоданмен шығып кеткен. Билік өкілдері бір адамның зардап шеккенін мәлімдеді.
"Өрттің салдарынан шатырға және қонақ үйдің кейбір бөлмелеріне материалдық зиян келді. Өрт бақылауға алынып, бригада келгеннен кейін шамамен 30 минуттан кейін сөндірілді", – деді өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері.
Талқылау