Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасын Словениямен ойында жеңілуге шақырды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram/kuat__khamitov
БАҚ өкіліне берген сұхбатында 35 жастағы спортшы қазақ футболын сынап, ұлттық құраманың жолдама алу мүмкіндігіне баға берді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Астанада Сан-Марино командасын ұтып, Еуро-2024 іріктеу кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалған еді, Хамитов ұлттық құраманың осы жеңісін сынға алды.
"Мен ойынды көрген жоқпын, бірақ ұлттық құраманың осындай әлсіз командадан гол жіберіп алуы – белгі, шынымды айтсам, 300 адамы бар ұшақ құлап, оның ішінде тек 10 аман қалғандай әсер қалдырады.
Барлығы қуанып жатыр, өйткені аман қалғандар бар, бірақ мен олардың көпшілігінің жоқ екенін көріп тұрмын. Қалай қарасаңыз да, отандық футбол өзінің өмір сүрген 30 жылында тым көп адамның өмірі мен ақшасын алды", – деді Қуат Хамитов.
Дұрыс айтылған екен, Қазақстан құрамасының ойынын көргенде, жайылып жүрген малдарды еске аласың30 жыл қаншама миллиардтаған ақшаны далаға шашқанша үйсіз күйсіз жүргендерге баспаналы еткенде қаншама адам бақытты болатын еді.Қазақта мақал бар: асық ойнаған азар ,доп ойнаған тозар ,ал мал бағып құйрық май жеген озар,осыны еске түсірсең президенттен бастап қарапайым халыққа дейін кемақыл ма деп қаласың.30 жыл бойы ештеңе қол жеткізе алмай отырған федерацияның тарқатып ,сотқа беру керек .Неге? Себебі: судың да сұрауы бар демекші, бәрінің да есебі болып керек Мемлекет деген бұл есеп және бақылау деген сөз ,бұл болмағанда тек қана есектер елді басқарады