Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуанышбек Есекеев президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

"Қазақтелеком" АҚ төрағасы болған Қуанышбек Есекеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық комуникация қызметі

Бұл туралы 10 маусымда Ақорда мәлімедеді. 

“Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Қуанышбек Есекеев бұған дейін біраз орындарда қызмет атқарған. Атап айтқанда:

  • 2019 жылдың 25 қаңтарында "Кселл" АҚ директорлар кеңесінде;
  • 2022 жылғы 16 наурызда "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қуанышбек Есекеев басқарма төрағасы қызметіне сайланды;
  • 2022 жылғы 24 мамыр – Қуанышбек Есекеев "Кселл" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан мерзімінен бұрын шығарылды;
  • "Қазақтелеком" басшысы 2022 жылғы 23 мамырда "Мобайл Телеком-Сервис" байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Талқылау