Қуаныш ұғымын білдіретін сөздер
Қазақ тілі — синонимдерге бай тіл. Кейде бір сөзді сан түрлі айтуға болады. Бүгінгі материалымызда қуану сезімін білдіретін бірнеше сөзді назарларыңызға ұсынамыз. Егер біз ұсынған сөз тізбектерін белсенді түрде қолданбайтын болсаңыз, мақаланы оқыған соң жиі қолдануды ұсынамыз.
- Алтын тапқандай қуану
- Әйелі ұл тапқандай қуану
- Әкесі базардан келгендей болу
- Бойын қуаныш билеу
- Бөркін аспанға ату
- Екі езуі екі құлағында (екі езуі екі құлағына жету)
- Есі кету (кейде қуанышта айтылады)
- Жадырап сала беру
- Жерден жеті қоян тапқандай
- Жымың қағу (қуанышты жағдайда күлу)
- Көңілі судай тасу
- Қуаныштан жүрегі жарыла жаздау
- Қуанышында шек жоқ
- Өлгені тіріліп, өшкені жану
- Тұла бойы алып ұшу
Талқылау