Қуаныш Ерғалиев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.
Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медициналық университетін, Тулана университетін, Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.
2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014 жылдан 2019 жылға дейін – Назарбаев Университетінің Бірыңғай академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері болды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”