Экс-экономика министрі Бишімбаев 12 жылға бостандығынан айырылуы мүмкін
Мемлекеттік айыптаушы бұрынға экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар, мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік және коммерциялық қызметтерде басшы лауазымында жұмыс істеуіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
“12 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәрілеп, өмір бойына мемлекеттiк органдарда және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқаруына тыйым салынсын. Қуандық Бишімбаевтың “Құрмет” орденінен айыруға ҚР Президентіне ұсыныс тасталды”, – дейді прокурор Әлібек Айтжанов.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 қаңтарында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталған болатын.
Тағы оқыңыз:
Қазақстан СІМ арнайы операция барысында Қырғызстан депутаты ұсталғанын растады
Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған
Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады
Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды