Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Шәкіржанов: Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай, Баян Есентаевалардың түсіргенін кино деп есептемеймін

Актер, театр әртісі, бірнеше комедиялық фильмдер арқылы көпшілікке таныс Қуандық Шәкіржанов қазіргі заманауи кинолар туралы пікір айтты. Актер ақша үшін түсірілген туындыны кино деп есептемейді. 

Қуандық Шәкіржанов: Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай, Баян Есентаевалардың түсіргенін кино деп есептемеймін

Бұл туралы Talk like бағдарламасында айтылды.

Қуандық Шәкіржановтың айтуынша, қазір кино түсірушілер бизнестен ақша табуды мақсат тұтқандар. 

"Киноның сценарийіне, мағынасына мән бермейді. Киноға мықты актерлерді шақыру керек. Мен олардың еңбегін бағалаймын. Бірақ онда тәлім-тәрбие болу керек. Кинодан қазақылықтың иісі шығуы керек. Оны екінші рет, үшінші рет көре беретін фильм болу керек. Біздің түсіріп жүргендер бір көретін кинолар. Баян Есентаеваның, Қоянбаевтың, Адамбайдың киноларына барып көргенмін. Бірақ қазір бармаймын. Не жайлы екені түсінікті болып тұрады. Мен оларды кино деп есептемеймін, маған ренжімесін", - дейді актер. 

Көп жағдайда әзіл қалжың аралас, комедиялық жанрда бой көрсеткенімен тарихи фильмде роль сомдауды армандайды. 

"Мені "Қазақфильм" бір киноға шақырған емес. Өйткені комедияға ғана түседі деп ойлаймын. Мен салмақты, тарихи рольде ойнағым келеді. Кейде спектакль көріп отырғанда да, кей кейіпкерге көңілім толмайды. Мына рольді мен сомдағанда, оң жамбасыма тигенде көрерменге басқаша жеткізер едім деп ойлап отырам", - деді ол.

Бауыржан шоу театрының мүшесі болып, кейін телевизияда еңбек еткен Қуандық Шәкіржанов материалдық табысы да сатылай көтерілгенін айтады.

"Біреуге жағдайымды айтып, әкім-қараның алдына барып, танымалдығымды бұлдап көрген емеспін. Ел қатарлы сатылай өсіп келем. Мен де алғаш "Москвич" көлігін айдадым. Бір бөлмелі пәтер алдым. Кейін оны сатып, екі бөлмелі үй алдым дегендей", - деді актер. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты
Çàãðóçêà...