Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Куәгерлер болуы мүмкін": Марқұм Салтанат Нүкенованың отбасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасы куәгерлерді іздеу үшін қазақстандықтарға жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram/aitym 

Марқұмның інісі Айтбек Амангелді Instagram желісіндегі жазбасында бүкіл отбасының үндеуін жариялады. Ол Қазақстан азаматтарына қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Нүкеновтер әулеті сотталушының отбасымен татуласпайтынын ерекше атап өтті. 

"Қадірлі достар, қымбатты қазақстандықтар. Қызымыз Салтанаттың айуандықпен өлтірілуіне байланысты көңіл білдіргендеріңізге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздердің жазған қолдау пікірлеріңізді, шалған қоңырауларыңызды, хабарламаларыңызды, білдірген көңілдеріңізді көріп отырмыз. Біз зорлық-зомбылық пен адам өліміне төзбейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан осы оқиға ел тұрғандарын дүр сілкіндірді. Салтанаттың қазасы әлсіз адамдарға жасалатын әлімжеттікке қарсы күрестің символына айналды. Кейбір журналистер мен блогерлер осы оқиғадан өздеріне арзан абырой мен жалған атақ жинауға көшіпті. Осыған байланысты біздің әулетті қандықол қылмыскердің туыстарымен ымыраға келіпті деген қанқу сөздерде пайда болыпты. Бірақ бұл шыңдыққа сәйкес келмейді. Біз ешкімді кешірген жоқпыз. Мыңдаған адам қайғымызға ортақтасып, шын көңілін білдіріп, бізді жұбатып жатыр. Аса қатігездікпен жасалған бұл қылмыстық істі жеке бақылауына алған ел президентіне ерекше алғысымызды білдіреміз. ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар марқұмның отбасы болған оқиғаның куәсі болуы мүмкін қазақстандықтардан тергеуге көмектесуін сұрады.

"Сол қорқынышты түннің суреті қалпына келтірілуде. Тергеуге көмектесетін маңызды ақпараты бар куәгерлер болса белгілі фактілерді сот пен тергеуге айтсаңыздар. Сіздерден полицияға немесе біздің заңгерлерге: Игорь Вранцевке немесе Жанна Уразбаховаға хабарласуыңызды сұраймыз. Өз кезегінде сізде іске қатысы бар маңызды ақпарат болса, бірақ өз қауіпсіздігіңізден қорқатын болсаңыз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауіпсіздік шаралары көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Экс- министр Бишімбаевтың Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау