Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куәгер Алматыда хостелдегі өрттен қаза болғандар арасында кәмелетке толмаған бала бар екенін айтты

Алматыдағы жатақханадағы өрттен қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Оқиға куәгері болған Нұрсұлтан есімді азаматтың айтуынша, жасөспіріммен жақын таныс болмаған. Сәлеміміз түзу болды дейді ол. 

"Олар менің көз алдымда 15-16 жастағы баланы (мәйітті) шығарды. Біз онымен жақын таныс емес едік. Тек сәлеміміз түзу болатын.  Ол жертөледе тұратын", - деді жатақхана тұрғыны.

Ал Мавлюдхан есімді тұрғынның сөзінше, жатақханада өрт дабылы соғылғанымен, оған бірден мән бермеген.

"Өрт дабылы қағылды. Бастапқыда оған ешкім мән бермеді. Екі муниттай уақыт өткен соң шу басталып, бәрі көшеге қарай жүгіре бастады. Біз орнымыздан тұрып, қалғандарын оятып, көшеге шықтық. Бес минуттан кейін өрт сөндірушілер келіп, жұмыстарына кірісті. Олар ес-түссіз күйде жатқан жігітті шығарып алды. Оны аман алып қалуға тырысқанымен еш нәтиже болмады", - деді Мавлюдхан.

Мавлюдхан мен оның достары төтенше жағдай орын алған кезде ояу болған. Қазір олар басқа жатақханаға уақытша орналастырылды.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдағы хостелде өрт шығып, 13 адам мерт болды. Төтенше жағдай кезінде жатақханада 72 адам болған. Қонақүйде тұрғандар арасында Пәкістан, Өзбекстан және басқа да елдердің азаматтары бар. 

Талқылау