ҚТЖ басшысы жаңа жыл алдында қазақстандықтарға пойыз билеттерін қалай сатып алуға болатынын айтты
Үкіметтік брифингте ҚТЖ басшысы қазақстандықтардың жаңа жылға дейін қажетті жерге жетіп алу үшін пойыз билеттерін қашан сатып алу керектігіне жауап бере кетті.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен
ҚТЖ басшысы мереке қарсаңындағы қарбаласта билеттердің қалмай қалатынын растады.
"Бұл сауалды түсініп тұрмын. Себебі мереке күндері Алматы мен Астанаға билеттер жоқ. Сату 45 күн бұрын ашылды. Сәйкесінше алдын ала жоспарлағандар билетті 40-45 күн бұрын алды. Қазір бұл мәселені біліп отырмын. Жаңа жыл қарсаңында осы Алматы-Астана бағыты бойынша қосымша пойыздарды қоямыз", - деді Нұрлан Сауранбаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық пойыздарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа қызмет енгізілгенін хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”