Мерекенің өзінен бірнеше жас кіші күйеуі себепсіз сыйлық жасап, сүйіктісін таңғалдырды (видео)
Таяуда шаңырақ көтерген Арсен мен Мереке көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Соған қарамастан Арсен әйелімен арасындағы жас айырмашылығын ғана емес, оған деген сезімін де жасырмайды. Бұл жолы ол жұбайына себепсіз сыйлық жасап, жұртты сүйсіндірді, деп жазады Stan.kz.
КТА ойыншысы Мерекенің күйеуі Арсен Акиев әйеліне тосынсый жасап таңғалдырды. Ол аталған сәттің видеосын Instagram-парақшасында жариялады.
Видеодан байқалғандай, Арсен сыйлаған үлкен қораптың ішінен жүрек тәрізді шарлар шығады. Ал қораптың әр шетіне ерлі-зайыптының суреттері жапсырылған.
Мұндай сыйлықты күтпеген Мереке бастапқыда таңданып, тосырқап қалды. Ал қорапты ашқанда, ішінен тосыннан шыққан шарларды көріп, шошып та кетті.
«Сонша сенбей тұр ғой. Осылай арасында сыйлық беріп тұрғанның айыбы жоқ шығар, ағайын. Мен романтик емеспін, сүйемін бірақ», – деп жазды Арсеннің өзі.
Өз кезегінде желі қолданушылары Арсеннің сезімі мен әрекетіне тәнті болып, жастарға бақыт тілеп жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін Мерекенің күйеуі өзін “кәрі қызға үйленді” деп сынағандарға өлеңмен жауап берген еді.