Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КСРО кезінде өрлеп тұрған Қазақстандағы ауыл қараусыз қалып, "өлуге айналған"

Совет дәуіріндегі ең үлгілі ауылдардың бірі бүгінде «өлуге шақ қалған» ауылға айналған. Бұрындары көріктілік және жайлылық тұрғысынан үшінші орынға жайғасып жүрген ауылға кезінде әлемдік көшбасшылар да қонақ боп келген, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы Мыңбаев ауылы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ретінде құрылған. Бұрын мұнда үш мыңға жуық адам тұратын. Бүгінде халық саны екі есе өскен.

 

«Совет Одағы кезінде ауыл елді мекендерді абаттандыру бойынша үшінші орынға ие болды. Байқау өткізілгенде, бүкіл Совет Одағы бойынша үшінші орынға ие болғанбыз. Бірінші орынды Латвиялық ауыл алды. Мұнда біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конгресін өткіздік. Біздің ауылда лауызымды қонақтар жиі болатын. Орталық Комитеттің бірінші хатшысы - Д. Қонаев,  Қытай мен Моңғолияның алғашқы басшылары Цэдэнбал и Мао Цзэдун болды. Горбачев те біздің ауылда болған», - деп еске алады ауыл тұрғыны Баян Тұрлыбекова.

Қазір ауылда тротуарлар жоқ. Балалар мектепке жолдың бойымен бірнеше шақырым жүріп, көлік астына түсіп кетуге шақ қалып отыр. Ауылдың көп бөлігінде көше жарығы жоқ. Қалаға немесе облыс орталығына бару үшін такси ұстау керек. Зейнетақыны алу немесе коммуналдық төлемдерді жасау кезінде қиын, әсіресе қарт адамдарға оңай емес.

Мыңбаевта бұл қызметтер қол жетімсіз. Тұрғындар басшылықтан мемлекеттік балабақша салуды өтінген.

«Қазіргі балабақшаның ғимараты сынып жатыр. Бұл жерде менің, аға, туыстарымның балалық шағы өтті», - дейді ауыл тұрғыны Ольга Васильева.

Ауыл мәселелерімен тұрғындар ауыл мен аудан әкімдеріне де кірген, бірақ оларға тек қорытынды есеп ұсынылған. Шенеуніктердің сөзіне сүйенсек, олар ауылды дамыту жұмыстарымен айналыспақшы.

«Биыл Мыңбаев ауылына бюджеттен 860 млн. теңге бөлінген. Бұл ақша бірінші кезекте жолдарды жөндеуге, балабақшаны электр энергиясымен қамтамасыз етуге, қалпына келтіруге жұмсалады», - деді Жамбыл облысының әкімі Бағдат Әлиев.

Әкімдік өз кезегінде мәселелер біртіндеп шешілетінін айтып уәде беріп отыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Ақпан, 2020 10:10
Талқылау