Крокус Сити Холлдағы шабуыл кезінде қыз көз жұмғандай кейіп танытып, өмірін құтқарып қалған (видео)
"Крокус Сити Холлда" лаңкестердің шабуылынан зардап шеккендердің бірі өзін құтқару үшін өлі адам секілді ұстаған. Қыз жантүршігерлік оқиға туралы "112" Telegram-арнасында айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: РИА Новости
Жәбірленуші аман қалу үшін өзін өлі секілді көрсетіп, еденге құлағанын айтты. Жақын маңдағы адамдарға шабуылдаушылардың бірі оқ жаудырды.
Лаңкестік шабуылдың куәгерлерінің айтуынша, белгісіз адамдар оның көзінше қызды атып өлтірген.
"Олар есіктің жанында тұрды. Бізді көрді. Олардың біреуі қайтадан бері қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудыра бастады", – деді қыз.
Куәгер қыз тек залда жалын тұтана бастағаннан кейін өзін құтқара алған. Алайда қазір ол ауруханада жатыр. Қыздың бүкіл денесін қатты күйік шалған.
Бүгінде дәрігерлер оған барлық қажетті ем-домды беріп жатыр.
Еске салайық, Ресейдегі "Крокус Сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған лаңкестікке қатысты пікір білдірді.
22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.