"Крокус Сити холл" иесі алғаш рет концерт залында болған терактқа қатысты пікір білдірді
Ресейдегі "Крокус сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған лаңкестікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Жантүршігерлік қайғылы оқиға болды және кейінгі 20 жылда мұндай ештеңе болмағаны айтылды", – деді теракт болған жерге келген Агаларов.
Араз Агаларов оқиғаны жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіруге келмейтінін және лаңкестік әрекет құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Сонымен қатар ол теракт кезіндегі күзетшінің қазасы туралы да хабарлады. Оның айтуынша, лаңкестер залға есіктен емес, көршілес көрме орталығының терезесі арқылы кірген.
"Автоматтармен бетпе-бет келген және көргендерінің бәрін ата бастаған. Барлық адамға, оның ішінде күзетшілерге оқ жаудырды. Бір күзетші қаза тапты, екіншісі жараланды. Бұл тіпті күзетші емес. Біз оларды "бақылаушы" деп атаймыз", – деді Crocus Group компаниялар тобының президенті және иесі.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.
- Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған.
- 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған.
- Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған.
- 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.