Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия сапында алғаш рет алаңға шықты

Фото:BBC

15 жастағы Криштиану Роналдудың ұлы алғаш рет Португалияның U-16 жасөспірімдер құрамасы сапында алаңға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Антальяда Түркия құрамасына қарсы өткен матчта дебют жасады. Матчтың тағдыры 2:0 есебімен португалиялықтардың пайдасына шешілді.

ESPN мәліметіне сәйкес, Португалия құрамасынан голды "Спортинг" ойыншысы Самуэль Тавареш пен "Брага" футболшысы Рафаэль Кабралдар қарсыластың қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, гол соқты. Ал Роналдудың ұлы қосымша уақытта ойынға қосылды. Қазіргі таңда ол "Аль-Наср" академиясында шабуылшы ретінде өнер көрсетеді.

Бұл ойын Португалия U-16 құрамасының Түркияда өтіп жатқан Federations Cup Tournament турниріндегі үш ойынның алғашқы матчы болды. Келесі ойындар 1 қараша, яғни сенбі күні Уэльспен, ал 3 қараша, дүйсенбі күні Англияға қарсы өтеді.

Айта кетейік, биыл Роналдудың ұлы Португалияның U-15 құрамасында да ойнап, гол соққан еді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 31 Қазан, 2025 22:21
Талқылау