Криштиану Роналдудың "Аль-Насрдағы" болашағы белгісіз күйде қалуда
Фото: Abdullah Ahmed / Getty Images Sport
Криштиану Роналдудың "Аль-Насрдағы" болашағы белгісіз күйде қалуда: футболшы келісімді ұзарту үшін талап қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл 40 жасқа толатын әйгілі шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы TEAMtalk басылымы хабарлады. Аталған қор елдің бірқатар жетекші клубтарын – "Аль-Наср", "Аль-Ахли", "Аль-Иттихад" және "Аль-Хиляльді" басқарады.
Дереккөздің мәліметінше, Роналду "Аль-Наср" клубымен келісімшартты ұзартуға дайын екенін білдірген, бірақ бір шарт қойған: ол Сауд Арабиясы чемпионаты үшін шын мәнінде күресе алатын мықты команда жасақталатынына кепілдік талап еткен.
Португалиялық ойыншы клубтағы болашағы клуб басшылығының нақты жоспарларына және амбициясына байланысты болатынын жеткізді. Оның басты талабы – құрамды күшейтіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Қазіргі уақытта Криштиану Роналду "Аль-Наср" клубымен 2025 жылдың жазынына дейін келісімшартқа қол қойған, келісімді ұзарту мүмкіндігі де бар. Ол бұл клубқа 2022 жылдың соңында ауысты және бұл трансфер Азия футболы тарихындағы ең ірі ауысым болды. Бейресми ақпарат бойынша, оның жылдық табысы 200 миллион доллардан асады, оған жарнамалық және коммерциялық келісімдер де кіреді.
Егер португалдық ойыншы “Аль-Хиляль” командасына ауысса маусымда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алады. Арабиялық клубтың жарыстағы алғашқы қарсыласы Роналдудың экс-клубы “Реал Мадрид” болады.
Ал “Аль-Ахли” клубына ауысса, келесі маусымда Азия чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, соңғы маусымда "Аль-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатында үшінші орынмен шектелді. Роналду үшін бұл нәтиже мансабының соңғы кезеңіне сай келмейді деп бағаланып отыр.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
