Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду мансабындағы 901-голын соғып, рекордын жаңартты

“Әл-Наср” және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың өз рекордын өзі қайтадан жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  Getty Images

Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Шотландиямен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл матчта Роналду рекорд жаңартып, тағы да тарихи нәтиже тіркеді. Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" стадионында Ұлттар лигасы аясында Шотландияға қарсы ойнаған Роналду матчтың 88-минутында гол соғып, 2:1есебімен жеңісті жұлып алды. Екінші таймда алаңға шыққан Криштиану Роналду 48 ұлттық құраманың қақпасына гол соғып, әлемдік рекорд орнатты. Аталмыш жетістікке бұған дейін ешбір футболшы жетпеген. Сонымен қатар Роналду Португалия құрамасындағы 132-голын, ал жалпы мансабындағы 901-голын соқты.

Айта кетейік, Португалия құрамасы бұл жеңістің арқасында 6 ұпай жинап, Ұлттар лигасының А дивизионының 1-тобында көш бастап тұр. Олардың артынан Хорватия мен Польша 3 ұпаймен келеді, ал Шотландия екі ойында да жеңіліске ұшырап, топта соңғы орында тұр.  

 

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 09 Қыркүйек, 2024 13:36
Талқылау