Криштиану Роналду қонақ үйіне Мароккада жер сілкісінен зардап шеккендерді орналастырды
Криштиану Роналдуның Мароккода орналасқан қонақ үйі жер сілкінісінен зардап шеккендерді тегін орналастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Чемпионат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Португалия шабуылшысының Pestana CR7 Marrakech қонақ үйі Марракеште орналасқан және төрт жұлдызға ие. Онда фитнес орталығы, мейрамхана және ашық бассейн бар.
Футболшының өзі Instagram-да Мароккодағы жер сілкінісі құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Мароккода 9 қыркүйекке қараған түні 6,9 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл соңғы 120 жылдағы елдегі ең жойқын дүмпу еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апаттан қаза тапқандар саны екі мыңнан асты, тағы екі мыңнан астам адам зардап шекті. Елде үш күндік аза тұту жарияланды.
Талқылау