Криштиану Роналду: 2026 жылғы әлем чемпионаты – мансабымдағы соңғы әлем чемпионаты болмақ
Фото:”Аль-Наср” фк
Даңқты португалиялық футболшы Криштиану Роналду келесі жылы өтетін әлем чемпионатында 41 жасқа толатынын атап өтіп, бұл турнир оның мансабындағы соңғы әлем чемпионаты болатынын мәлімдеді. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, аталған дода 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
“Келесі жылғы әлем чемпионаты сіздің мансабыңыздағы соңғы әлем чемпионатыңыз бола ма? Әрине, бұл – шындық, өйткені ол кезде менің жасым 41-де болады. Мен бұл керемет турнирде… білмеймін. Бұрын да айтқанмын, мен қазіргі сәттен ләззат алып жүрмін", – деді Роналду Сауд Арабиясындағы TOURISE туристік форумында.”, – деді Роналду Сауд Арабиясындағы TOURISE туристік форумында.
Криштиану Роналду алғаш рет әлем чемпионатына 2006 жылы қатысқан. Ол бес рет “Алтын допты” жеңіп алған. Португалия құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы болды.
Футболшы бұған дейін өзінің ұлымен бірге бір құрамада ойнауды армандайтынын да айтқан еді. Алайда ол ұлына қысым көрсеткісі келмейтінін және оның әлі жас екенін жеткізді. Еске салсақ, кіші Роналду жуырда Португалияның жастар құрамасында дебют жасады.

