AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі діни ұйым өкілдерінің Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне жасаған шабуылына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4 тамызда шиіттердің діни бірлестігі – "Махди қызметшілері одағының" 23 өкілі Ұлыбритания астанасындағы Әзірбайжан дипломатиялық өкілдігінің аумағына басып кіріп, онда діни туларды көтеріп, ұрандарын айтқан. Елшілік қызметкерлері зардап шекпегені белгілі. Полиция діни ұйым өкілдерін ғимараттан шығарып, сегіз адамды ұстады. 

Осы жағдайға орай, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

“Үстіміздегі жылдың 4 тамызында орын алған экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз. Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді”, – деді министрлікте.

Сондай-ақ, СІМ әзербайжан халқына қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, "Махди министрлер Одағы" діни бірлестігінің негізін қалаушы – Кувейттен шыққан Ясир Әл-Хабиб. Әзірбайжан дереккөздерінің хабарлауынша, оның сүнниттік діни догмаларға қарсы дөрекі мәлімдемелерімен танымал екені белгілі, сол үшін діни экстремист деп танылған. Ясир әл-Хабиб Ұлыбританиядан саяси баспана алды, оның жақтастары да осында тұрады. Оқиға Таулы Қарабақтағы әзірбайжан-армян қақтығыстарының шиеленісуі аясында орын алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр