ҚР СІМ шетелдегі қазақстандықтарға «Ирма» дауылы кезінде не істеу керектігін айтты
ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов желідегі парақшасында «Ирма» дауылына қатысты мәлімет жариялады.
«Қазақстанның 4 азаматы Доминикан Республикасындағы Қазақстан елшілігімен байланыс ұстап отыр. Оларға Ирма дауылы кезінде төтенше жағдай болып қалса не істеу керектігі жөнінде мағлұмат берілді. Бұл елдегі қазақстандықтардың саны анықталып жатыр», – деп жазады Жайнақов.
«Кариб аралдарында миллионнан астам адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Тропикалық циклон АҚШ-тың шығыс жағалауына ауысуда. Флоридада төтенше жағдай ескертілді. Кей өңірінде көшіру жұмыстары жүріп жатыр».
Осыған байланысты АҚШ, Канада, Куба, Багам аралы, Доминикан елдеріндегі Қазақстан елшілігі отандастырға тиісті көмек көрсетеді.
Аталған елдерде қалған қазақстандықтар қажетті жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады:
Доминикан Республикасындағы Қазақстан елшілігі: + 1 809 729 79 87
Жедел қызмет көрсету – 911
Куба елінегі Қазақстан елшілігі: +535 869 23 69, +537 206 99 63
Полиция – 106
Жедел жәрдем – 104
Өрт сөндіру – 105
Багам аралындағы Қазақстан елшілігі:
+44 7770 300505
Жедел қызмет көрсету – 911, 919 немесе ұялы байланыс 112
Канададағы Қазақстан елшілінің бөлімі:
+1 613 695 80 55 (ішкі нөмір 230, 231)
+1 613 413 98 91
+1 613 981 17 13 (Оттавадағы елшілік)
АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі:
+1 202 232 54 88 (ішкі нөмір121, 127)
+1 202 600 56 05 (Вашингтондағы елшілік).