Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды
Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті.
Фото: kapital.kz
“Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды және бүгін Қазақстанға жеткізілді”, – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, бұған дейін Бахрейнде Қазақстанның үш азаматшасы құлдыққа түскені туралы хабарланған болатын.
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейндегі елшісі Бахыт Батыршаевтың айтуына қарағанда, елшілікке үш азаматшаның ата-анасы хабарласып, Бахрейнде олардың қыздары құлдыққа түскені туралы мәлімдеген. Құқық қорғаушылар қазақстандықтар туралы тергеу жұмыстарын бастаған.
Талқылау