AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР МӨЗ жаңғырту. Болжам, қорытындылар мен шынайылық

Кейінгі жылдары БАҚ арқылы Қазақстанның МӨЗ-дерін жаңғыртудан өткізуге қатысты мәселелер туындап жатыр.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан

Қарапайым азамат МӨЗ-дердің жөндеуге байланысты тоқтап қалғанына көңілі толмайды, ал шенеуніктер ішкі нарықты толтыру жөніндегі сұрақтарға жауап таппай әлек.

Қанекей, не істелгенін бір сараптап өтейікші.

2011 жылдан 2018 жылға дейін қазақстандық МӨЗ-дердің бәрі де "замандастырылды".

Жаңғыртудағы басты мақсат жолында мына міндеттер тұрды:

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруда елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; К-4/5 экологиялық санатына сәйкес келетін мұнай өнімдерінің өндірісіне көшу; Мұнай өңдеу кәсіпорындарының қоршаған ортаға және халыққа зиянды әсерін төмендету.

Бұл, айталық, Қазақстандық отын нарығында қол жеткізілген жетістікті көріп, сезініп отырған жаңғыртудың саяси және экологиялық аспектілері саналады.

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеудің жиынтық жылдық көлемі жылына 17,5 млн тоннаға дейін артты. Өсім жаңғыртуға дейінгі кезеңнен бері 20% өсті. Бүгінгі таңда елдің ішкі нарығының бензинге, дизель отынына, авиакеросинге қажеттілігі 95-100% қанағаттандырылды деп айтуға болады.

Бұдан бөлек, МӨЗ-ді кеңейтілген жөндеуаралық циклге көшіру жобасы іске асырылды. Бұл МӨЗ-дің жөндеу аралық уақытын бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні қажетті құжаттаманы бекіту бойынша іс-шаралар аяқталуға жақын. Ол құжаттар алдағы уақытта кәсіпорындардың жыл сайынғы жоспарлы күрделі жөндеу жүргізбестен жұмысының ұзартылған мерзіміне көшуге мүмкіндік береді.

Күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу деген не? МӨЗ-ді күрделі жөндеу жұмыстары көктемгі-күзгі кезеңде жүргізіледі. Күрделі жөндеу 45 күнге дейін созылады. Бұл жұмыс барысында зауыттың технологиялық жабдықтарының барлық тораптары мен агрегаттары жөнделеді, тозғаны ауыстырылады.

МӨЗ-ді күрделі жөндеу кезеңінде зауыт жұмысы толық тоқтатылады. МӨЗ-дегі жоспарлы жұмыстардың дәл осы түрі жыл сайынғы циклден үш жылдық циклге ауыстырылады.

2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде жөндеу аралық циклды ұлғайту жобасын іске асыру шеңберінде Шымкент МӨЗ күрделі жөндеу жүргізусіз пысықталды.

МӨЗ технологиялық жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жыл сайын жүзеге асырылады. Мұндай жөндеу мерзімі 18-20 күнді алады. Ағымдағы жөндеу барысында қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар диагностикалаудан өтіп, негізінен сорғылар, құбырлар жөнделеді.

Қарапайым тілмен айтқанда әрбір 10 мың шақырым сайын автокөлік жүргізушісі май мен сүзгіні ауыстырып, дөңгелектің, көлігінің агрегаттарының жұмысын тексеріп, үшін сервиске барады. Осыған ұқсас процедуралар жыл сайын өткізіліп, МӨЗ-дердің технологиялық құрылғылары жөндеуден өткізіледі.

Еліміздегі 3 МӨЗ-дің ішіндегі ең ескісі Атырау МӨЗ-і мейлінше терең жаңғыртудан өтті. Мұнайды қайта өңдеу технологиясы толығымен өзгертілгенін және мүлде жаңа өндірістік, технологиялық қондырғылар пайдалануға берілгенін ескере отырып, ескірген Атырау МӨЗ базасында қайта өңдеу қуатын ұлғайта отырып, сапа мәселелерінде де, қажеттілік мәселелерінде де қазіргі заманғы нарық үрдістеріне жауап беретін мұнай өнімдерінің мүлде жаңа желісін өндірудің басталуымен жаңа зауыт салынды деп айтуға әбден болады.

Ароматика (мұнай-химия) өндірісі кешені құрылысының жобасын іске асыру шеңберінде АМӨЗ айналасында мұнай-химия өндірістерінің бірқатар жобалары іске асырылып жатыр. Бұл жобаларды таяу жылдары іске асыру АМӨЗ өндіретін мұнай-химия шикізатын одан әрі қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын құрады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, өңдеу көлемін ұлғайту, мұнай өңдеу тереңдігін арттыру – мұнай өңдеу саласының кірісін арттырады. Мұнай өнімдерінің ашық сұрыптарын өндіруді ұлғайту - бұл ішкі нарықтың Ресейден келетін импортқа тәуелділігін жойып, қосылған құны жоғары және нарықта сұранысқа ие мұнай өнімдерін алу мүмкіндігіне жол ашады.

Егер жаңғыртуға дейінгі кезеңде Қазақстанның отын нарығының қажеттіліктері Ресейден импорттық жеткізілімдер есебінен қанағаттандырылған кезде қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігі шамамен 30% құрады. Ал жекелеген позициялар бойынша 40% дейін болды. Жаңғыртудың арқасында бензин импортынан 100% құтылдық. Дизель отыны мен авиакеросин импортына болмашы қажеттілік сақталып отыр (ҚР нарығын жылдық тұтынудың шамамен 5%).

Қазақстанның ішкі нарығының бензинге қажеттілігі оның ішкі өндірісімен толық жабылады.

Дизель отынының импортына аз ғана тәуелділік сақталған, бірақ бұл негізінен қату температурасы төмен қысқы сорттардың дизель отынына қатысты.

Авиаотын бойынша ішкі өндіріс көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады.

Бүгінгі таңда нарық қазақстандық МӨЗ-дерді жаңғырту нәтижелерін көріп отыр. Қазақстандық отын нарығындағы баға деңгейінің өте төмен болуы да жаңғырту нәтижелерінің бірі.

Бірақ! МӨЗ-ді жаңғырту және қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін ұлғайту нәтижесінде қазақстандық нарық ішкі нарыққа (қайта өңдеуге) және экспортқа мұнай жеткізудің тең табысты болуын қамтамасыз етуге тиіс болды. ҚР экономикасының мұнай өндіруші секторы ішкі нарыққа мұнай жеткізуді субсидиялаудың тоқтатылуын күтті.

Жаңғыртуға дейінгі кезеңде ҚР МӨЗ-дің негізгі өндірісі мазут болатын. Ол – мұнайды өңдеудің алғашқы өнімі. Мазут және бастапқы өңдеудің басқа да өнімдері, әдетте, мұнайдан алынатын ең арзан өнімдер. Оны өткізудің негізгі бағыты ҚР аумағынан тыс экспорт болды. Мұнайды ішкі нарыққа жеткізу 45-50$/тн жеңілдікпен жүзеге асырылды. Бұл ҚР ішкі нарығына жеткізілетін бензин мен дизель отынының өзіндік құнының төмен деңгейін қамтамасыз етті.

Осының нәтиесінде нарық мынаған ие:

Ішкі нарыққа мұнай жеткізу көлемі жылына 14,2 млн тоннадан 17,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

ҚР МӨЗ-де мұнай өңдеу қызметінің құны жаңғыртуға тартылған қарызды жабу үшін арттырылды.

ҚР ішкі нарығы 95-100% мұнай өнімдерінің ашық сорттарымен қамтамасыз етілген Бензин мен дизель отынына бағаны төмен деңгейде ұстау қайта өңдеу экономикасын қамтамасыз етпейді. Алынған "қосылған құны жоғары" өнімдер елдің ішкі нарығында бұрын экспортқа әкетілетін мазутпен төмен немесе бір деңгейде сатылады;

Мұнай өнімдерінің бағасын тежеу саясатының нәтижесінде ішкі нарыққа жеткізу кезінде мұнай бағасына демеуқаржы мөлшері 45-50$/тн-дан 110-130$/ТН-ға дейін өсті.

Біз елдің мұнай саласы алдына қойылған саяси және экологиялық міндеттерді орындады деп айта аламыз:

1. ішкі нарық бензинмен және дизель отынымен қамтамасыз етілді;

2. өнімнің сапасы айтарлықтай жақсарды;

3. кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптар орындалды.

Бірақ!!! Жаңғырту басында қазақстандық мұнайшы ішкі нарыққа мұнай жеткізуді дотациялау тетігін алып тастауды күтті. Яғни, 45-50$/тн мөлшеріндегі мұнайға арналған жеңілдік ұмытылмайды деп болжанды. Ал жылдық есептеуде бұл сома шамамен 640 млн доллар. Шын мәнінде, бүгінгі күні біз ішкі нарыққа дотациялау мөлшері жылына 1,9 млрд доллар.

Бұл ретте себеп біреу ғана – мемлекеттің елдің отын нарығын "төмен бағада" ұстап қалуға тырысу.

Біз Қазақстан ЖЖМ-ге бөлшек сауда бағасы төмен үздік 10 елдің қатарына кіреді деп жиі айтамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда әлемнің басқа елдерімен бөлшек сауда бағаларының алшақтығы артып келеді деп айта аламыз.

Егер осыдан 5-6 жыл бұрын біздің бағаларымыз ЖЖМ нарығына қазақстандық және ресейлік салық салудағы айырмашылықты ескере отырып, ресейлік бағалармен салыстырылатын болса, бүгінгі күні барлық өзге тең жағдайларда – бағалардағы алшақтық 45-50% - ға дейін өсті. Егер елдің стратегиялық және экономикалық қауіпсіздігі мәселелеріне көз жұматын болсақ, онда мұнайшыларға мұндай жаңғыртудың қажеттігі бар ма деген сұрақ туындайды.

Автор: Ерлан Жаукин

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр