Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзіне елес көрініп, тылсым дауыстар естілген": Алматыда үш ай бұрын үйінен шыққан азамат сол күйі оралмаған

Екі баланың әкесі, 33 жастағы Әзімхан Ділдабаев үш айдан бері іс-түссіз жоғалған. 8 қараша күні үйінен шығып кеткен азамат отбасына оралмаған. Әйелінің айтуынша, жоғалар алдында оның көзіне бірдеңелер көрініп, сандырақтай бастаған. Ол жұбайын тауып беруді сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық Айнұр Жұматаева мен Әзімхан Ділдабаевтың отауласқанына 10 жыл болған. Бүгінде 2 баласы бар. Күйеуі Түрксіб ауданы жол тазалау учаскесінің басшысы болып жұмыс істейді. Айтуынша, кейінгі уақытта ол түрлі дауыс естіп, айналадан қорқатынды шығарған. 8 қарашада үйден шыққан күйі қайта келмеген, содан бері іздеуден нәтиже жоқ. 

Айнұр күйеуі кеткен кезде үйде болмапты. Айтуынша, әйел жұмысына байланысты басқа ауданнан пәтер жалдап, ерлі-зайыпты 10 шақты күн бөлек тұрған. Олардың үйі Ащыбұлақта болғанымен, келіншегі Алтын ордадан пәтер жалдапты.

Әзімханның отбасы оның қайда кетуі мүмкін екенін де білмейді. Себебі анау айтқан жанжал да болмаған. Олар ішіне жын кірді немесе біреулер ұстап отыр деп күдіктенеді.

“Ешкімде шатағы болмаған, біреулерге мәселесін айтып, шағымданбапты да. Таңертен келіп, кешке кетеді. Бір мәселесі де болмаған сияқты, ешқандай ілік жоқ, ақпарат табылмады”, –деді жоғалған ер адамның анасы Нұржамал Оразмаханова.

Ал әйелі Әзімханның кейінгі уақытта сандырақтап кеткенін айтты.

“Екі әйел Баукалардың жанында тұр, біреуі бұзық сияқты. Олар біздің үйге қарап тұр” деді. Бірақ Баукадан сұрасам, ешкім жоқ, үйінде емес екен. Көзіне елес көрінеді. 6 қарашада түнгі 2:40-та хабарласып, “Қандай ойын ойнап жатсың?” деп сұрай берді. Түсінбедім. Олар түнгі 10-нан 3-ке дейін ойнайды деді. Телефондағы ойын ба деп ойладым. Жалаңаштанған қыздар дегендей нәрсе айтты. Достарына да осылай хабарласып, “төбелес болып жатыр, далаға шық” деген”, – деді Жұматаева.

Анасы отбасында ешкімде психикалық ауытку болмағанын айтты. 

Жоғалғаннан кейін 2 күн өткен соң оның көлігі Ащыбұлақтан кілттенген күйі табылған. Ал үйдің есігі ашық, жарығы қосулы қалған. Сондай-ақ үйден ағаш табылыпты. Ол достарына “көзіме бірдеңе көрінгенде, осымен қорғанамын” деген көрінеді. Осыдан соң Әзімхан имамға барып, дем салғызыпты. 

"Оның ішінде жын бар, сонымен арпалысып жүр. Өйткені үрейлену, галлюцинация дегеннің бәрі – соның белгілері. Бәріне хабарласа береді. Ол кезде адам маманға өзі бармайды, оны апару керек. Жын кірген кезде өзіне қол салатын жағдайлар жиі болады”, – деді дінтанушы Бекжан Ажимов.

Психиатр мұны шизофренияға балады. Айнұр Жұматаева экстрасенс Кямран Самедовке жүгінуді сұраған. Көріпкел ер адамның тірі екенін болжады.

“Тірі адамның энергетикасын сезіп тұрмын. Оның көзіне тылсым әлем көрініп жүрген жоқ, бұл психикалық ауытқуға көбірек келеді. Бәлкім, шизофрения. Оны тезірек табу керек, әйтпесе асылып қалып, өзіне қол салуы мүмкін. Оны ешкім күштеп ұстап тұрған жоқ”, – деді ол.

Талқылау