Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалды": Сахнада ұятқа қалған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ел алдында ақталды

Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі продюсер Мөлдір Мұқан жеке парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Алтын ханым” байқауын жүргіземін деп сынға қалған еді. 

“Әртүрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызынан ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды.

Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді. Ал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба?! Оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз. Ал мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды”, – деді продюсер. 


  • "Қанымда бар өнер": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі "әнші болып кетті" дегендерге жауап берді

  • "Chanel, Dolce & Gabbana және Prada": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті


Одан кейін үлкен сахнаға шығуға мұрындық болған Баян Мақсатқызына ел алдында рақмет айтты.

“Ауқымды жобаны ұйымдастырған продюсерге алғысымды білдіремін. Қоғамға береріңіз көп әлі, идеялар сарқылмасын, оны жүзеге асырып, қаншама жанның тағдырына оң әсер етті. Шын жүрегіммен алғысымды айтамын. Осы жобаның қатысушылары, сіздер мықтысыздар. Өз өмірлеріне жауапкершілік алған нәзік жандыларға да құрметім ерекше. Бақытты болуға баршамыз лайықпыз”, – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Еске салайық, Зейнеп Ахметова аңыз адамды ойынға айналдырған Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне шүйліккен еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 10:35
Талқылау