Көзілдірік пен водолазка киген Баян Есентаева той қонақтарын таңғалдырды
Күні кеше Арман мен Ашаның алғашқы отбасылық қуанышына шоу-бизнес өкілдерінің басым дені қатысты. Олардың арасында Баянның нағашы әпкесі, продюсер Баян Мақсатқызы да бар. Әдетте әр киімі мен образына жіті мән беретін атышулы продюсер бұл күні қарабайыр киімімен елдің назарын аударды, деп хабарлайды Stan.kz.
Желі оқырмандары Мақсатқызының дүбірлі тойға қарапайым водолазка киіп келгенін түсіне алмай дал. Оған қоса, мейрамхана ішінде көзілдірікпен жүрген Есентаева жұрттың сынына ұшырады.
“Баян не киіп алған”, “Баянға жалғыз өзіне күн түсіп жүр ме?”, “Баян жастар ұқсап киінем деп үйде жүргендей киініп алыпты. Жасына сай киіну керек қой, ұят-ай”, “Баян ханым, тойға водолазкасы несі”, “Баянның киімі болады, бұл оның стилі. Ал шашына не болған, ол ұқыптап жинап алушы еді ғой. Тойға водолазкамен келгені қызық екен, не кешкі көйлек кимеген, не шашын сәндемеген”, – деп жазды желідегілер.
Алайда инста-оқырмандарға жалғыз Баян Мақсатқызының емес, той иесі Аша Матайдың да көйлегі жақпай қалған.
“Баян дұрыс киінген, Ашанікі дұрыс емес. Концерт емес қой, жай баласының туған күні”, “Ренжімеңіз Аша, киіміңіз түк жараспайды”, – деп сөкті оқырмандар.
Еске сала кетейік, күні кеше Арман Қоңырбаев пен Аша Матай тұңғыштары Асылымның 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасап, бүлдіршіннің тұсауын кестірді.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді
Ішімдік, казино, қыздар: “Алау” тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады (видео)
Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)
Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады