Көзілдірігін алмақ болған: Павлодар облысында оқушы қыз қоғамдық дәретханаға түсіп кетті

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған қыз қоғамдық дәретханаға түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көзілдірігін алмақ болған: Павлодар облысында оқушы қыз қоғамдық дәретханаға түсіп кетті

26 тамызда кешкі сағат 19:30-да Екібастұз қаласындағы «Шахтер» саябағында қыздың дәретханаға түсіп кеткені туралы қоңырау түскен. Полиция қызметкерлері, ювеналдық полиция қызметкерлері мен шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жіберілген. 

Белгілі болғандай, 2004 және 2003 жылғы екі қыз сыра ішіп, «Шахтер» саябағына серуендеуге барады. Артынша олардың бірі қоғамдық дәретханаға барып, онда түсіп кеткен. 

«Ол көзілдірігін түсіріп алған. Соны алмақ болғанда, өзі дәретханаға түсіп кеткен. Оқиға орнына кәмелет жасқа толмаған қыздардың ата-аналары шақырылды. Қызды аман-есен шығарып алды», - дейді полициядағылар. 

Сараптама қыздардың мас болғанын растады. Олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес жауапқа тартылады. Ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған балаларға спиртті ішімдік сатқан дүкеннің иесі де жауапқа тартылады», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түстерім аяни болып шығады": Қарағанды тұрғыны Жазира Байырбекованың босанатынын түсінде көрген

Әйел Айсәуле Бақытбекті де жуырда түсінде көріпті

Нұр-Сұлтан әуежайында оқ атылды

Полиция ақпаратты растады

"900 грамм болып шала туды": Өз жасынан кішкентай көрінетін қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды

"Алты жасында сөйледі"

Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украина СІМ Қазақстан елшісін шақырды

Тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастардың жай-күйі туралы пікір алмасты

Қызылордада болған жол апаты: Автобус жүргізушісі көлік жылдамдығын асырып жіберген

Айтуынша, оқиға жылдам болып кетіпті

«Іш-киімдерім жоқ болып кетеді»: Келіншек енесінің өзін қалай дуалап тастағанын айтты

"Суреттерімді жоқ қылады"

Көк базар сатушысы сүтті сұйылтып жатқанда әшкере болды (видео)

Айтуынша, жағдайға байланысты шаралар қолданылып жатыр

Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар балабақшаға тегін барады

Бұл бастама осы жылдың наурыз айында көтерілген еді

Нағыз ғажап: 8 жыл бойы сөйлемеген бала анасына тіл қатты

Атыраулық ана өзінің бұл жағдайға байланысты қуанышын жасырмады

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина жайлы сөз қозғады

Бұл туралы ол Германиядағы іссапар барысында айтты
Çàãðóçêà...