Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қозыбаев университеті және Аризона университетінің филиалы жаңа оқу жылына дайын

Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ алдағы оқу жылына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бүгінгі таңда соңғы іс-шаралар мен рәсімдер жүргізіліп, 1 қыркүйекте университет алғашқы студенттерді қарсы алуға дайын. Негізгі атап айтатын қос дипломдық бағдарламасына түскен студенттерімізге есігіміз ашық!

Бүгінгі таңда 1124 талапкер Аризона университетімен серіктестік бағдарламасы бойынша оқуға өтініш білдірді. Айта кетерлігі, талапкерлер арасында ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсеткен жастар да бар. Бірлескен оқу бағдарламаларына Солтүстік Қазақстан облысы, Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Семей, Ақтөбе қалаларынан және еліміздің басқа облыстарының тұрғындарынан өтініштер түсті. 

Қос дипломдық бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: биология ғылымдары, ақпараттық технологиялар және инклюзивті білім беру. Оқыту процессі ағылшын тілінде өтеді. Оқуды сәтті аяқтаған студенттер екі диплом алады (қазақ және американдық).

 

Студенттер Аризона университетінің цифрлық ресурстарына, американдық оқытушылармен сабаққа, ай сайынғы стипендияға, заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа ғимаратқа, жатақханада тұруға, белсенді студенттік өмірге және т.б. қол жеткізе алады. Сонымен қатар, болашақ студенттер үшін басты артықшылық – АҚШ университетінде жарты жыл тегін оқу мүмкіндігі. 

Оқу жылының басынан жобалау мен жабдықтаудың жоғары озық стандарттарына сәйкес салынған оқу-зертханалық кешен жұмыс істей бастайды. ОЗК жас зерттеушілердің практикалық білімдерін жетілдіру үшін 60-тан астам жаңа зертханалар іске қосылады. Оның ішінде 20 – инженерлік, 20 – жаратылыстану және агротехнологиялық, 10 – медициналық бағытта жұмыс жасалынады.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың 6 қыркүйекте халықаралық білім беру жобасы Аризона университетімен бірлесе отырып М.Қозыбаев атындағы СҚУ базасында алғаш рет жұмысын бастады. Тусон қаласында орналасқан және 1885 жылы негізі қаланған Аризона университеті әлемдік университеттер рейтингінің "үздік 100+" қатарына енген АҚШ-тағы ең үздік мемлекеттік оқу орындарының бірі болып табылады.