Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзі, құлағы мен жыныс мүшесін кесіп алған: Еуропада белгісіз адамдар жылқыларды өлтіріп жатыр

Францияда кезекті рет бірнеше жылқыны жұмбақ түрде өлтіріп кетті. Жергілікті полицияның мәліметінше, ел аумағында 30-ға жуық жануар аяусыз өлтірілген.

Олардың көпшілігінің құлағы, көздері мен жыныс мүшелерін кесілген. Жылқылардың қанын сорып алған. Ал еті сол қалпы жатыр. 

Полиция жануарларды өлтіру белгісіз бір діни сенімнің қандай да бір рәсімімен немесе әлеуметтік желілердегі қорқынышты сын-қатермен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

Бұған дейін британдық полиция қауымдастығы Англияның оңтүстігіндегі Гэмпширдегі Брамшоу ауылында жануарларды өлтірудің бірқатар сериясын тексерген.

Өлтірілген қойлар мен сиырлардың денелеріне төңкерілген кресттер мен пентаграммалар салынан. Сонымен қатар, белгісіз адамдар жергілікті шіркеу ғимаратына «666» нөмірін бояп кеткен еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2020 18:33
Талқылау