Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзге шөп салу эпизодтары бар": Сейфуллин Жолбарыстың экс-жұбайы жан сырын ақтарды

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт жеке өмірінен сыр шертіп, отбасындағы құпияны жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/katya.white.kz/

Өнер иесінің жұбайы журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, ажырасу себебін баяндап берді. 

“Бір сұхбатымызда өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бар деген едім. Сол кезде Сейфуллин қақалып қалған. “Не айтып қояды екен” деп қатты мазасызданып отырды. Менің мінезім өте ашық. Тік сөйлеймін. Ойымдағыны айта саламын. Сол үшін өмірде көп таяқ жеймін. Бірақ отбасымды сақтау үшін көп дүниеге көз жұма қарауға тура келді. Мақсатым отбасымды сақтау болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзі соған жауапты екенін сезінбейді. "Болып қалды солай, қайтемін енді" дейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін. Мен барып олардың үстінен түскен жоқпын ғой. Ол менің әшейін күдіктерім болды. Кешірсем де, ұмыта алмаушы едім. Тіпті ажырасып кетіп бара жатқанда да “Енді маған үйлену керек” деді. Ал менің ойым қыздарымды қалай жеткіземін, олар өтпелі кезеңде жүр” деген ой болды” – деді Екатерина. 



Оның сөзінше жолдасымен ажырасуға екі қызының сөзі себеп болған көрінеді. 

“16 жылдан бері бірге тұрып, ажырасып кету оңай емес. Бәрін іште жинай берген де дұрыс емес. Бір күні ауру болып қалуың мүмкін. Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар "анашым, кетейікші" деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл – қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады, – дейді әншінің экс-әйелі.

Еске салайық, Екатерина "Сейфуллиннің бұрынғы әйелінен кешірім сұраймын" деген еді.  

Талқылау