AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға туралы ақпарат 3 тамызда әлеуметтік желілерде таралды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден қайтадан әуежайға қонған. 

Кейбір ақпараттарда бұл ұшақ 2017 жылдың қазанында Алматы маңында құлаған Ан-28 ұшағының әуе компаниясына тиесілі делінген. Еске салсақ, ол апатта бес адам көз жұмған болатын. 

Кейін бұл ақпаратқа қатысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді. Департаменттің мәліметінше, бұл ұшак санитарлық рейс орындауы қажет болған. 

"East Wing әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Семейге ұшып бара жатқан. 11:12-де ұшқаннан кейін командир сол жақтағы қозғалтқыштың істен шыққандығы туралы хабарлады және ұшақ әуежайға қайта оралды. 11:17 -де ұшақ аман-есен әуежайға қонды. Бортта бес экипаждың мүшесі және екі адам болған", – деп хабарлайды министрліктің баспасөз хатшысы Дәулет Сәмбетбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр