Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көздері мен ауызын тігіп тастаған": Жезқазғандағы тұтқындар колония басшылығына шағымданды

Әлеуметтік желілерде Жезқазған қаласының АК-159/25 колониясында түсірілген видео тарады. Онда көздері мен ауыздарын тігіп алған тұтқындар колония басшылығы тарапынан болған азаптаулар туралы айтып, сондай-ақ режимдік объект әкімшілігі  үнсіздік сақтағандары үшін берген есірткі мен ұялы телефондарды көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталғандардың бейне үндеулері YouTube-те жарияланды. Тұтқындар АК-159/25 әкімшілігі тарапынан өздеріне қолданылған азаптаулар туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, видеода ерлердің көздері мен ауыздары тігілгені байқалады. 

Тұтқындардың айтуынша, егер өлі денелері табылса, онда ол шындық үшін болған.

Басқа роликтерде тұтқындар есірткі мен смартфондарды көрсеткен. Роликтердің кейіпкерлері марихуана мен ұялы телефондарды үнсіздік сақтағаны үшін АК-159/25 қызметкерлері бергенін айтады.

Аталған бейнелер желіде пайда болғаннан кейін Жезқазған колониясындағы жағдайға қатысты Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомтво видеода сотталушылар Н.Б.Баймаханова, Ж.Р.Жармаханов және М.Х.Сапаров көрсетілгенін хабарлады. 

ҚАЖД мәліметтері бойынша, тұтқындардың үшеуі де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АК-159/25 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

"Видеода үш ер адам мобильді құрылғыларды ашық көрсетеді, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің тыйым салынған заттарды бергені туралы айтып, камерада есірткі заттарын қолданылатынын көрсетті. Мән-жайларды анықтау мақсатында прокуратура өкілдері және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы бірлесіп, тергеу-жедел тобын құрды, олар мекемеге келді. Тергеу барысында сотталғандарға сұрақ қойылып, ұялы телефондар тәркіленді", - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД. 

AK-159/25 - бұл сотталғандарды қамауда ұстаудың камералық түрі қарастырылған аралас қауіпсіздік мекемесі, деп толықтырды департамент.

Ал шағымданған сотталғандар бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған және белгіленген режимді қасақана бұзушылар, яғни қайталап қылмыс жасағандар.

"Егер қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме қызметкерлерінің белгіленген режимді бұзуға қатысы анықталса, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке, ішкі істер органдарынан босатуға дейін немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ашықтық мақсатында тергеу барысын ҚАЖ комитетінің басшылығы бақылайды", - деп толықтырды Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Талқылау