Көз жұмғандар саны 912-ге жетті: Түркияға қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аттанады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алапат жер сілкінісінен кейін салдарын жою үшін үкіметке Түркия Республикасына көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қазақстандықтар туралы ақпараттың келіп түспегенін мәлімдеген.
"Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", – делінген Ақорда хабарламасында.
Жойқын жер сілкінісінен кейін мәлімдеме жасаған Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған опат болғандар саны 912 адамға жеткенін айтты. Тағы 5 385 адам түрлі жарақат алған.
6 ақпанда болған зілзала 1939 жылдан кейін болған ең ірі жер сілкінісі болып отыр. 1939 жылы жер сілкінісінен 33 мың адам көз жұмған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген