"Көз жасымды тыя алмадым": Аяғы ауыр Салтанат Бақаева Алматы үшін өкінішін білдірді
Әсем қала Алматының қазіргі күй-жайы тұрғындардың көңіл күйіне теріс әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Аяғы ауыр Салтанат Бақаева үшін бұл күндер ауыр тиюде. Әнші әрі актриса болған трагедиядан кейін, қаланы аралап, көз жасын тыя алмағанын айтады. Бақаева өкінішін желідегі парақшасында білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біреулердің “билік ойынында” халықтың және сүйікті қаламыз Алматының жапа шеккені өте өкінішті! Мен Талғар қаласында дүниеге келдім, бірақ 5 жасымнан бері осында тұрамын және өмірімдегі барлық маңызды оқиғалар осында өтіп жатыр", – деп жазды Бақаева.
Салтанат Алматыда мектеп бітіріп, жоғары оқу орнын тәмамдаған. Өмірлік серігі Нұржанды да осы қалада кездестіріп, үш ұлдың анасы атанып үлгерді. Қазір төртіншісін күтіп жүр.
"Мен Алматымды қатты жақсы көремін! Ал бүгін бірнеше көшені аралап, болған сұмдықтың бәрін өз көзіммен көрген соң, көз жасымды тыя алмадым... Бірнеше күн ұялаған қорқыныш одан бетер өрши түсті.
"Бейбіт елде өмір сүру" деген сөздер мен үшін шынайы мағынасын тапқандай болды. Ең қорқынышты күндері балалар да бәрін түсініп, үйді күзетіп, бізбен бірге ұйқтамауға тырысты. Әрине, балаларды қорқытқымыз келмеді, бірақ өздері де бәрін түсініп отырды. 7 -ші ауруханадағы бұзақылар бізге де жете ме деген қорқыныш тек бізде ғана емес, көршілерімізде де болды! Мен енді ғана есімді жиғандаймын.
Президентіміздің үндеуін тыңдаған соң мен де @tokayev_online мырзаға зор сеніммен қараймын! Балаларымның болашағы жарқын болатытына сенгім келеді! Күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық, ағайын", – деді Бақаева.