Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз тартар кадрлар: HUAWEI nova 14 және nova 14 Pro смартфондары несімен ерекше?

Жаңа HUAWEI nova 14 сериясы – заманауи технология мен нәзік стильдің жарасымды үйлесімі. Бұрын жастар талғамына сай смартфон ретінде танылған nova енді жаңа мәртебеге ие болып жатыр. Енді ол флагмандық камерасы, ерекше функциялары және мінез бен талғамды айқын көрсететін ерекше дизайнымен ерекшеленеді.

Стиліңізді “сөйлететін” смартфон

nova 14 моделінің дизайнына шабыт берген – табиғаттың өзі: таңғы шық, жарық пен күн сәулесі. Корпус төрт түсте ұсынылған –көгілдір кристалл, нәзік қызғылт, ақ және классикалық қара, қай түстегісін алып қарамасаң да, иесінің даралығын паш етеді.

Басты назар – жұлдыз тәріздес орбиталық сақинасы бар камерада. Бұл элемент nova сериясының айрықша белгісіне айналды. Оның мінсіз симметриясы мен нәзіктігі – заманауи тілдегі әсемдік пен ішкі тепе-теңдіктің көрінісі. Бұл смартфон –  сән мен технологияны қатар бағалайтын, өз болмысын еркін көрсете білетін жандарға арналған.

Флагман деңгейінде түсіретін камера

nova сериясында алғаш рет ультрареалистік түсірілімге арналған объектив пайда болды, бұл смартфон үшін суретке түсірудің жаңа дәуірін ашады.

1,5 миллион спектралды арнадан тұратын технология камераға түстерді адам көзі қабылдағандай дәл көруге мүмкіндік береді. Терінің табиғи реңі, макияж, неон жарығы немесе күн сәулесінің көлеңкелері – бәрі шынайы, артық өңдеусіз көрінеді.

50 МП қос алдыңғы камера жоғары жылдамдықта түсіре алады, бұл портреттер мен қысқа бейнероликтер үшін ерекше маңызды. Жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды кадр таңдау функциясы ең сәтті деген эмоцияларды: күлкі, ым-ишара мен жарық мінсіз үйлескен кезді автоматты түрде анықтайды.

Пейзаждар мен сәулет туындыларын түсіру үшін 50 МП ультракең объектив мінсіз шешім бола алады. Ал оптикалық зумы бар портреттік телеобъектив кадрға тереңдік пен көркем әсер қосып,  артқы көріністі жұмсақ етіп жеткізеді. XD Portrait Engine технологиясы түстердің дәл берілуі мен кадрдың тереңдігін қамтамасыз етеді, нәтижесінде суреттер кәсіби камерамен түсірілгендей әсер қалдырады.

Камераны сынау: макияж, түнгі жарық пен сәулет көріністері

Huawei nova 14 смартфонын бағалаудың ең жақсы тәсілі – оны өмірдің шынайы сәттерінде қолдану. Мерекелік макияжбен немесе сәнді бейнелерді түсіргенде камера тері мен косметиканың табиғи реңін айқын жеткізеді.

Неон шамдарының астында түсірілген кадрларда жарық пен көлеңке әдемі үйлесіп, артық шу болмайды. 

Сәулет ғимараттарының аясында түсірілген портреттерде де түстер күннің ең жарық кезінде өз қанықтығын сақтайды.
​​​​​Ультрареалистік түсірілімге арналған камера режимі неон шамдарының жарқылын және жарық пен көлеңкенің үйлесімін нақты жеткізіп, суретке ерекше әсер береді.

1x және 5,1х зуммен түсірілген кадрлар. Вознесенск кафедралы шіркеуі

Дәл осы режим айналаны барынша дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда атап өткендей, 1,5 миллион спектралды арна арқылы камера кадрдағы әрбір түсті интеллектуалды түрде анықтап, дәл баптайды, нәтижесінде барлық реңктер табиғи әрі айқын шығады.

Ал жоғары жылдамдықтағы түсірілім режимі түсіп бара жатқан жапырақтарды, су шашырауын немесе би кезіндегі қимылды айқын, бұлдырсыз түсіруге мүмкіндік береді.

Адамның ғана емес, құстардың қозғалысын қалай дәл бейнелегені кадрлардан көрініп тұр. Бұлдырап кеткен кадрлар өте аз болды. 

Аспан пен ағаштардың “таза” түсі. 

Табиғат көріністері, соның ішінде қанық түсті объектілер кадрда әдемі шығады.  

0,8x-тен 5x-ке дейінгі әмбебап зум диапазонының арқасында бірнеше адамның суретін, яғни бір топтың суретін оңай әрі айқын етіп жасауға болады. 

AI мүмкіндіктері 

Әр әдемі кадрдың артында nova 14 Pro-ның жаңа буындағы жасанды интеллект жүйесі тұр. Бұл жүйе тек суреттердің сапасын арттырып қана қоймай, күнделікті өмірде де көмекшіге айналады:

 – Дене қимылымен басқару — экранға қол тизібей-ақ беттерді ауыстырып, скриншот жасап, смартфонды басқаруға болады.

 – Қуат пен температураны басқару — құрылғы сіздің әдеттеріңізге қарай қуат тұтынуды өздігінен реттейді.

 – Артық нысандарды жою, хабарландыруларды жасыру, жазба режимі мен бір рет қол тигізу сияқты функциялар смартфонды қолдануды  барынша жеңіл етеді.

ЖИ негізіндегі кадрды таңдау функциясы әр адамның ең сәтті шыққан сәтін анықтап, ең жақсы портретті ұсынады.

Фотоңыздан қажетсіз нысандарды – кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды, жол белгілерін, сымдарды, қоқыс не контейнерлерді алып тастау үшін ЖИ негізіндегі артық объектілерді жою функциясын пайдалануға болады. 

Көз тартар, қараған сайын қызықтыратын экран

Nova 14 Pro смартфоны 6,78 дюймдік  LTPO экранымен жабдықталған. Экран жаңарту жиілігін 120 Гц-ке дейін автоматты түрде реттеп, сіз көріп отырған контентке бейімделеді. Видео көру, ойын ойнау немесе кітап оқу кезінде – бәрінде де сурет айқын әрі тегіс көрінеді.
HDR Vivid технологиясы бейнеге тереңдік пен шынайылық береді, ал 100% P3 түстік палитрасы суреттерді автор ойлағандай нақты жеткізеді.

Жылдам қуат, ұзақ жұмыс

Nova 14 Pro қуатты ғана емес, сонымен бірге үнемді смартфон. 5500 мА·сағ сыйымдылығындағы батарея мен 100 Вт HUAWEI SuperCharge Turbo технологиясы құрылғыны небәрі бірнеше минутта толық қуаттауға мүмкіндік береді.
Смартфон IP65 стандарты бойынша шаң мен су тамшыларынан қорғалған. Сол себепті ол –  саяхатта, табиғат аясында немесе жауынды кештерде де сенімді серік.

AppGallery: қауіпсіз және ыңғайлы орта

Барлық қажет қосымша мен сервис енді AppGallery-де — Huawei компаниясының ресми дүкенінде жинақталған. Мұнда банк қызметтерінен бастап нұсқама мен әлеуметтік желілерге дейінгі тексерілген, қауіпсіз қосымшалар бар. Пайдаланушылар өз деректерінің қорғалғанына және жүйенің тұрақты жұмысына сенім арта алады.

Өміріңіздің жарқын сәттерін сақтайтын смартфон

HUAWEI nova 14 – бұл жай ғана жаңа смартфон емес. Ол иесінің стилін, көңіл күйін және даралығын көрсететін құрылғы. Заманауи өмір ырғағын ұстанатын, шығармашылықты сүйетін және әр сәтін әдемі кадрмен есте қалдырғысы келетін жандарға арналған. "Про деңгейіндегі портреттер" – жай ғана ұран емес, Huawei-дің шын мәнінде орындап жүрген уәдесі.

 

Жарнама құқығында 

STAN.KZ
Жұма, 24 Қазан, 2025 09:30
Талқылау