Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жануарларды азаптаудың не керегі бар": Белсенділер "қошқар көтеру" сайысына наразылықтарын білдірді

Заңгер Жангелді Сүлейменов Наурызды тойлау кезінде ұйымдастырылған қой көтеру жарысын сынға алды. Заңгер қой көтеру кезінде жануарға зақым келуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қой

Жангелді Сүлейменов заңгер ретінде мұнда Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі "Жануарларға қатігездікпен қарау" бойынша қарастырылатын қылмыс орын алуы мүмкін дейді. 

"Жануарларға қатігездікпен қарағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Өркениетті мемлекетте мұндай болады деп елестете де алмаймын. Жануарды қинаудың не керегі бар. Штанга немесе қант, ұн салынған қап көтеруге болады ғой. Өзін солай екі сағат байлап қойса", – деп жазды ол Facebook-парақшасында. 

Ал Юлия Снегирева Текелі қаласында ұйымдастырылған “түйе көтеру” сайысының видеосын жариялады. Оның сөзінше, жарыс кезінде түйенің дауысы қатты шыққан. 

түйе

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес түйе көтеру бойынша жарысқа спорт мектебінің оқытушылары мен оқушылары да қатысқан. Сонымен қатар “қошқар көтеру” жарысы ұйымдастырылыпты. 

Еске салайық, Алматыда әскери қызметкер 50 келілік қойды 2050 рет көтеріп, рекорд жаңартқан еді. Осыдан бір жыл бұрын Бауыржан қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Жалпы, бұл оның осындай жарыстағы сегізінші жеңісі.

Талқылау