"Қой сойып күтіп отыр екен": Ерке Есмахан перзентханадан шықты

Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші үшінші ұлын дүниеге әкелген еді. Жұбайы Райммен бірге перзентханадан фото жүктеді.
"Керемет күн. Бүгін үйге шығып жатырмыз. Жай ғана үшеуміз шықтық. 2 ұлымыз сыртта тұрды. Аллаға сансыз шүкір", – деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ өнер иесі ұлының кіндік шешесі Айнұр Тұрсынбаеваның да сыйлықсыз қалдырмағанын айтып, рахметін жеткізді.
"Үйге келсек ата-әжелері, бауырлары Батыр баланы қой сойып, күтіп отыр екен. Тілек, баталар қабыл болсын", – деп жазды ол.
Еске салайық, өнер иесі “ұлтабар ханыммын” деп мақтанған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"